13:39, 16 Наурыз 2016 | GMT +5
Еліміздің барлық өңірлерінде сауда-инвестициялық орталықтар құрылады - А.Мырзахметов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық өңірлерінде сауда-инвестициялық орталықтар құрылады. Бүгін саяси партиялар арасындағы телепікірсайыс барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов осылай деді.

«Еліміздің инфрақұрылымына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 8 трлн. теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл, әрине, қыруар қаржы. Осы қаржыны біз тиімді жаратуымыз қажет»,- деді ол.
Осы ретте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары бірінші кезекте еліміздің барлық өңірлерінде кешенді түрде жұмыс жасайтын сауда-инвестициялық орталықтар құруды жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Бүгінгі таңда Шымкент, Астана, Ақтөбе қалаларында осы орталықтар ашылды. Қалғандары белгіленген кестеге сәйкес болашақта ашылатын болады»,- деді А.Мырзахметов.