Еліміздің белсенді жастары жаңа нұсқадағы әліпбиге көшуді қолдап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ең белсенді жастары латын графикасындағы қазақ әліпбиіне көшуді қолдап отыр. «Қазақстан студенттері альянсы» РСҚ қоғамдық бірлестігінің президенті Ілияс Түстікбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің белсенді жастары жаңа нұсқадағы әліпбиге көшуді қолдап отыр

Оның айтуынша, бала кезінен ағылшын тілін үйреніп, әріптерін білген жастарға латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін меңгеру қиынға соқпайды.

«Елбасы айтқандай, бүгінгі студенттер - болашақ элита. Осы орайда, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымыз. Бала кезінен ағылшын тілін үйреніп, әріптерін жатқа білген студенттер үшін латын графикасын үйрену қиынға соқпайды және олар латынға көшуде белсенділік танытады. Білім саласына тың өзгерістер енгізілетініне, ақпараттық технологиялар заманында оқудың жеңілдейтініне қуанып отырмыз», - деді Ілияс Түстікбаев.