Еліміздің білікті нейрохирургтері Қостанай қаласына барады

2014 жылдың 12 тамыз бен 20 желтоқсан аралығында «Ұлттық нейрохирургия орталығының» ауқымды жобасы іске қосылды. Жоба бойынша Нейрохирургия орталығы 13 тәжірибелі нейрохирургтен тұратын жұмыс тобын құрды, олар жоспарлы белгіленген күнде елдің әр өңіріне барады. Аталмыш шара халыққа Орталықтың жетекші мамандарынан тегін медициналық көмек алуына, жоғары мамандандырылған нейрохирургиялық көмектің барлық түрімен танысуға мүмкіндік алады. Клиника мамандары жедел емделуді қажет ететін науқастарды іріктеп, ауруханаға жатқызу жағдайын қарастырады.
Қостанай қаласында Нейрохирургия орталығының тәжірибелі дәрігері Ибрагимбек Ғалиев облыстық аурухананың консультативтік емханасы базасында кеңес береді. Қосымша ақпаратты 87016003339, 87054243322байланыс телефондары арқылы білуге болады.