Еліміздің бірқатар аймақтарында боранға байланысты көлік жолдары жабылды
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республиканың бірқатар аймақтарында алай-дүлей боран соғуына байланысты автокөліктер үшін жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Астана қаласында және Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын соғуы, көру мүмкіншілігінің нашарлауы) автокөліктер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылды.
Ақтөбе облысында боранға байланысты "Ақтөбе-Орск" автокөлік жолының 21-135 шақырымында, "Ембі-Шалқар" автокөлік жолының 91-257 шақырымында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.
Қарағанды облысында Теміртау қаласы - Ақмола облысының шекарасы аралығындағы "Алматы-Екатеринбург" автокөлік жолында, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы аралығындағы "Қызылорда-Павлодар" автокөлік жолында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.
Павлодар облысында 19 желтоқсан сағат 01:20-дан бастап "Шідерті-Ерейментау-Астана", "Шідерті-Қарағанды" автокөлік жолдары жабық.