Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты жолдағы қозғалыстарға шектеу енгізілді

Қарағанды облысында 27 желтоқсан сағат: 10-40-та ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Қарағанды - Павлодар обл. шекарасына дейін (970-1135км а/ж «Қызылорда-Павлодар») учасклерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
27 желтоқсан сағат: 10-40-та ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) -Теміртау қаласы - Ақмола обл. шекарасына дейін (1051-1142км а/ж «Алматы - Екатеринбург») жүк және қоғамдық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Павлодар облысында 27 желтоқсан сағат 11-05-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» а/ж учаскесінде (1135-1206 шақырымда Шідертіден Қарағанды облысы шекарасына дейін) барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. Ақмола облысында 27 желтоқсан сағат: 11-30-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1275-1353км Астана-Караганды облысының шекарасына дейін) қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.