Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі жолдарда көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.
Қарағанды облысында қар, боран, көктайғаққа байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін «Қалқаман-Баянаул-Ботақара» тас жолының (0-93 км); «Екатеринбург-Алматы» тас жолының учаскесінде (885-1007км) жүк және жолаушы көліктерінің қозғалысы тоқтатылды. «Қызылорда-Павлодар» учаскесінде (970-1066 км) барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды. «Алматы-Екатеринбург» (1037-1142 км) тас жолының учаскесінде жүк және жолаушы автокөліктері үшін қозғалыс тоқтатылды.
Астана қаласы бойынша «Астана-Павлодар», «Астана-Көкшетау», «Астана-Қарағанды» тас жолдарының учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Павлодар облысында боранға, көктайғаққа орай «Астана-Ерментау-Шідерты» тас жолы (205-259 км) учаскелесінде; «Қалқаман-Майкайың-Баянаул» (0-138 км) а/ж учаскесінде; «Ленин-Ертіс-Русская поляна» а/ж учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Ақмола облысында (боран, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ) «Астана-Павлодар шекарасына дейін» а/ж (16-205 км); «Екатеринбург-Алматы» (1275-1353 км) и «Астана-Қорғалжын» (19-169 км) учаскелерінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды; «Екатеринбург-Алматы» тас жолында (1275-1353 км) жүк және жолаушы көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Шығыс Қазақстан облысында кешкі сағат 20-00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Шемонайха-Ресей шекарасы» (105-123 км) жолының учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.