Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Ақмола облысы

13.03. Сағат 19:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты бұрқасын, нашар көріну) «Екатеринбург-Алматы» а/ж (СҚО шекарасы-Жақсы а., 856-917 шақырым) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

13.03. Сағат 21:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) барлық бағытқа автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.