Еліміздің екі облысында қарлы бұрқасынға байланысты көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың екі облысында қарлы бұрқасынға байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысының бірнеше жол учакелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19.01 күні сағат 12.10-нан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Ақтөбе-Орск» а/ж (21-135 ш., Пригородный ауылы-РФ шекарасына дейін) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылған болатын.
Сағат 15.46-дан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск» а/ж 19-48 ш., Хромтау қ.-Бадамша п. дейін); «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» а/ж (43-74 ш., Родниковка а.-Қаратоғай а.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылған.
Сағат 16.30-дан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) облыстық а/ж «Хромтау-Никельтау» (0-25 ш., Хромтау қ.-Никельтау п.) республикалық а/ж «Солтүстік айналма» (0-39 ш.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.
Сағат 22-15-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) "Ақтөбе-Астрахань" а/ж (11-175 ш., Ақтөбе қ.-Шұбарқұдық а.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, Қостанай облысында 20-00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстық "Әулиекөл-Жолдама" а/ж (0-257 ш. Аулиекөл а.-Амантоғай ауылына дейін) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.