23:17, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Еліміздің екі облысында жолдар жабық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктайғаққа байланысты еліміздің екі облысында жолдар жабылды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында хабарланғандай, 24 қараша күні кешкі сағат 18.30-дан бастап Солтүстік Қазақстан облысында барлық көлік түрлері үшін барлық бағыттарға жол жабылды. Ақмола облысында кешкі сағат 20.30-дан бастап "Көкшетау-Петропавл" (304-341 км), "Көкшетау-Рузаевка" (0-61 км), "Көкшетау-Омбы" (2-50 км) жолдарының учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.