Еліміздің екі өңірінде күн бұзылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандары ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
3 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.
Осы күні Ақтөбе қаласында батыстан соққан жел 18 м/с дейін күшейеді.
3 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. 3 шілдеде оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.