Еліміздің экономист ғалымдары 2010-2020 жылдарға арналған ҚР-ның қаржы секторын дамыту стратегиясының тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынады

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздің экономист ғалымдары 2010-2020 жылдарға арналған ҚР-ның қаржы секторын дамыту стратегиясының тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынады. Бүгін елордадағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде «ХХІ ғасырдағы әлемдік және Қазақстан экономикасының даму тенденциясы және басымдықтары» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар осындай ұсыныспен қарар қабылдады.
None
None

Сонымен қатар алқалы жиынға қатысушылардың экономиканы сауықтыру бағытындағы пікірлері жоғары технологияларды дамытуға негізделген тұрақты экономикалық өсімнің стратегиялық моделін әзірлеу, олардың негізінде жоғары сапалы өнім өндіру және оларды халықаралық нарыққа шығару қажет деген оймен тоқайласты.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі Ғабдіғаппар Сейітқасымовтың 70 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан конференцияға отандық және Ресей, Қырғызстан, Беларус, Украин мемлекеттерінің экономист ғалымдары, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар