Еліміздің іскерлік ортасы қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа зор қызығушылық танытуда - Финляндия Президенті Саули Ниинистё

ГААГА. ҚазАқпарат - Гаагада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті. Жүздесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері сөз болып, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші жаһандық саммиттің күн тәртібі талқыланды.
None
None

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Финляндия Президентінің Қазақстанға жасаған өткен жылғы мемлекеттік сапары екі ел арасындағы өзара іс-қимылдардың айтарлықтай нығая түсуіне сеп болды. Мемлекеттер арасындағы сауда айналымының көлемі де тұрақты түрде өсуде. Бұл ретте Қазақстан экономикалық әрі индустриалды дамуы үшін финн технологиясына қызығушылық танытуда.

Өз кезегінде С.Ниинистё Қазақстан Президентімен кездесу мүмкіндігі туғандығына ризашылық танытып, елімізге жасаған мемлекеттік сапарын жылы еске алатындығын атап өтті. Аталған сапары екі ел үшін де маңызды болғандығына баса тоқталған С.Ниинистёнің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Финляндияның іскерлік ортасы қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытуда.

Соңғы жаңалықтар