Еліміздің қай қалаларында ер азаматтар көп

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті еліміздегі 20-30 жас аралығындағы ер азаматтар мен қыз-келіншектердің санын есептеп шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда 20-30 жастағы ең көп ер азаматтар Ақтау қаласында тұрады. Мұнда әрбір 100 әйелге 105,5 ер адамнан келеді екен. Екінші орында - Қызылорда қаласы. Онда әрбір 100 әйелге 100,4 ер азаматтан  келеді. Үшінші орында әрбір 100 қыз-келіншегіне 95,5 ер азамат шақ келетін Атырау қаласы тұр.  

Анықталғандай, Маңғыстау облысының қалалары бойынша ер адамдар саны Жаңаөзенде көп. Мұнайлы шаһарда 44 238 ер азамат пен 37 397 әйел тұрады.  Өңірдің 5 ауданында осындай көрсеткіш. Жалпы облыста 335 455 - ер адам, 337 813 - әйелдер тұрады.

Соңғы жаңалықтар