Еліміздің кинематография саласында алдағы үш жылда айтулы жобалар жүзеге аспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш жылда еліміздің және әлемнің алдыңғы қатарлы кинематографистерінің қатысуымен арнайы бағдарлама бойынша жобалары жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

Ұлттық фильмдерді түсіру бойынша арнайы бағдарламаның жобасы әзірленгеніне тоқталған А.Мұхамедиұлы 2015-2017 жылдары Қазақстанның және әлемнің алдыңғы қатарлы кинематографистерінің қатысуымен арнайы бағдарламаның жобаларын (фильмдер мен сериалдар) іске асыруда танымал жанрлар мен бағыттарды қамту жоспарланып отырғанын айтты. Бүгінде «Қазақ Елі» тақырыбымен көпсериялы тарихи-драмалық туындыны түсіру жұмыстары басталған. «Қазіргі кезде «Қазақ елi» туындысының, яғни 10 сериялық тарихи фильмiнiң сценариiн жазу толық аяқталды. Бүгінде бірінші кезектегі үлкен шаралар басталды. Бұл тарихи сериал болғандықтан, оны сәтті жүзеге асыру да өте жауапты іс.Осы жұмыстарға Рүстем Әбдiрашев пен Смағұл Елубай және басқа да белгілі тұлғалар қатысып жатыр»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар