Еліміздің көлік саласы күнделікті режимде жұмыс істеуде ? С. Ахметов

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда отандық көлік саласының барлық негізгі тетіктері күнделікті режимде жұмыс істеуде.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның басшысы Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өткен жылдың ішінде еліміздегі жүк айналымы 6,6 пайызға көтерілсе, жолаушыларды тасымалдау деңгейі 1,9 пайызға өсті. Республикалық бюджетте көзделген бар қаражат саладағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспары бойынша 100 пайызға орындалды. Еліміздегі тұңғыш халықаралық сыныптағы «Астана-Щучье» автобанының құрылысы аяқталып, жолдың 6 жолағы бойынша да қозғалыс ашылды. Астана қаласының Оңтүстік айналма жолы толығымен іске қосылды. Жұмыс кестесіне сәйкес «Шар - Өскемен» теміржол учаскесі уақытша пайдалануға берілді. 136 млрд. теңгені құрайтын «Мақат-Қандыағаш», «Ералиев-Құрық», «Қорғас-Жетіген» теміржол құрылысының үш жобасы бойынша концессионерлер анықталды. Бұл ретте аталған үш жоба бойынша қазақстандық компаниялардың концессионер ретінде қатысып жатқандығын айта кеткен жөн», деді С. Ахметов.Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Ақтөбе әуежайын қайта жаңарту жұмысы аяқталып, Алматы қаласы әуежайының екінші, қазіргі заманғы ұшу-қону жолағы салынды. Еліміздің ұлттық әуе кешені 5 жаңа Эйрбас-320 және Бойнг-737 ұшақтармен толықтырылды. С. Ахметов атап көрсеткендей, бүгінде ТМД елдері ішінде Қазақстан ең озық аэронавигация жүйесімен жабдықталған. Бүгінгі экономикалық үдерістерге қарамастан, еліміздің көлік-коммуникация кешені есептік кезеңді ойдағыдай аяқтады. Отандық көлік саласының негізгі тетіктері күнделікті режимде жұмыс істейді.
Соңғы жаңалықтар