Еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру ? Тараздағы жұмылдыру жиыны

None
None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат – Таразда «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылықтың, аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар басшыларының, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары және Алматы қаласы әкімдіктерінің басқаруымен Таразда тұңғыш рет жұмылдыру жиыны өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиында қазіргі жағдайда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту міндетін шешуге деген жаңа тәсілдер қарастырылды. Өткен жылдардағы «Іле-2006» және «Алдаспан-2008» оқу-жаттығуларының барысында «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің және аумақтық қорғаныс органдарының өзара іс-қимылы іс жүзінде жүзеге асырылған болатын. Аймақтық қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары ? штаб бастығы генерал-майор Талғат Қойбақов аумақтық қорғаныс мемлекеттік органдарының басшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруда жоғары жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарына көмек көрсету бойынша басқарушыларға қаншалықты үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсіндірді.
Соңғы жаңалықтар