Еліміздің металлургиялық ірі кәсіпорындарында зертханалар мен ғылыми орталықтар жасақталуы керек - Н. Назарбаев

«Жеке технологияларды дамыту - шетелдік, біздің көршілес елдермен технологиялық ынтымақтастықпен ілесуі тиіс. Бірінші кезекте Кеңес Одағының ыдырауы кезінде үзілген ғылыми байланыстарды қайта қалпына келтіру керек», деді Президент.
Осы орайда Елбасы ғылымның дамуы өнеркәсіптермен тығыз байланысты болуы қажеттігін қадап айтты. «Бұл - заман талабы», деді Мемлекет басшысы.
Н. Назарбаевтың пікірінше, әрбір өндірістік компанияларда ғылыми зерттеу орталығы болуы керек. «Егер кез келген компания жетістікке қол жеткізгісі келсе, сапа мен еңбек өнімділігін арттырғысы келсе, олар өздерінің кәсіпорындарында әлеуетті зертханалар мен ғылыми орталықтар жасақтауы тиіс», деп атап өтті Елбасы.
«Отандық ғалымдар мен инженерлердің ұлттық металлургиялық алпауыттармен тиімді әріптестігі барша саланың жаһандық бәсекелестігіне ықпал етеді», деді Президент.