Еліміздің Негізгі заңының бастауларында Президенттің өзі болды - Қасым-Жомарт Тоқаев

АНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапар барысында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болды,
None
None

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.

Профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер аудиториясы алдындағы Төраға сөзінің негізгі тақырыбы алдағы мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Конституциясының күні мейрамына арналды.

Бұл заңның қабылдануына жаңа тарихтағы оқиғалардың тұтас бір тізбегі мен оны әзірлеудегі қарбалас жұмыстар сеп болғаны туралы айта келіп Қ.Тоқаев қазіргі Конституцияны «назарбаевтық» деп атады, өйткені еліміздің Негізгі заңының бастауларында Президенттің өзі болды.

«Мен оның Конституция бойынша қызу жұмыстар атқарғанының куәсі болдым. Нұрсұлтан Әбішұлы 30-дан астам елдің негізгі заңдарын зерделеп, біздің Конституцияның іс жүзінде барлық баптары мен ережелерін жеке өзі түзеп отырды»,- деді Төраға.

2007 жылы Қазақстан қоғамдық-саяси жаңару бағытында елеулі қадам жасады. Жаңарған Конституция заң шығару үдерістері мен елдегі саяси тұрақтылықты тиімді қамтамасыз етудегі Парламент Сенатының рөлі мен мәртебесін елеулі түрде күшейтуді қарастырады.

Мәжіліс уақытша болмаған жағдайда Сенатқа Парламенттің өкілеттігін атқару міндеті жүктелді. Парламенттің жоғарғы палатасы ретінде Сенат заңдарды қабылдайды, заңдар Президент қол қойғаннан кейін заңдық күшіне енеді.

Сенат парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысында белсенді түрде жұмыс істеп келеді және халықаралық 10 беделді ұйымға қатысушы болып табылады. Шет елдердің 60-тан астам парламенттерімен тығыз қарым-қатынас орнатылды.

Парламент ішіндегі үнқатысу мен қолданыстағы заңнаманы жетілдіру  үшін жағдай жасай отырып, елдің елеулі тұрақтандырушы әлеуетін қамтамасыз еткен қазақстандық Парламенттің тәжірибесі іс жүзінде көрсетілді.

Қазақстан Парламенті азаматтардың мүделерін «жинақтаушы» және оны білдіруші бола отырып, осы мүдделерді мемлекеттің ерік-жігеріне айналдырып келеді.

Депутаттардың белсенді жұмыстарының арқасында біздің қоғамымыздың түпкілікті жаңаруының, Қазақстанда нарықтық, әлеуметтік бағдарланған экономикалы құқықтық мемлекеттің қалыптасуына негіз болған көптеген заңдар қабылданды.

Төраға сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету қарсаңында қабылданған «Еуропаға жол» арнайы бағдарламасының міндеттеріне де тоқталды.

«ЕҚЫҰ-на төрағалық етудің өзі - Қазақстан үшін тарихи оқиға, өйткені біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің ішінен, Орталық Азия аймағынан бірінші рет осынау географиялық тұрғыдағы және міндеті бойынша ерекше мандаты бар ұйымға жетекшілілік еткелі отыр»,- деді Қ.Тоқаев.

Қазақстанның дамыған және бәсекеге қабілетті  елдердің қатарына кіру міндетіне қатысты Төраға білім беру мен «білім қоғамы» және «ақылды экономика» құра алатын жаңа формацияның жастарын тәрбиелеудің ерекшелігін атап өтті.

Оған қоса Төраға рухани тәрбие көріністеріне де ерекше назар аударды. «Білім мен кәсіби тәжірибе ұлттық басымдықтарға, адамгершілік құндылықтарға, қоғамдық парыз, әлеуметтік ынтымақ және ұрпақтар сабақтастығы ұғымдарына негізделмесе жасампаздық күшке ие бола алмайды. Мемлекеттілік әрқашан ұжымдық сананың негізгі сақтаушылары болып табылатын ұлттық тарих пен мәдениетті терең түйсінуден көрінеді. Егер азаматтар оны біліп, қастерлейтін болса қоғам күшейе түседі»,- деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар