Еліміздің олимпиадалық құрамасы - Қазақстан халқының спорттық ассамблеясы - Елбасы Н.Назарбаев

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Еліміздің олимпиадалық құрамасы - Қазақстан халқының спорттық ассамблеясы. Бүгін Ақордада Лондон олимпиадасына баратын еліміздің спортшыларын қабылдауы кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.
None
None

«Бүкіл Қазақстан сияқты біздің спорттық командамыз көпұлтты. Бұл Қазақстан халқының спорттық ассамбелясы. Бұл өте маңызды әрі өте қажет. Яғни бүкіл Қазақстан сияқты достықпен, бір командамен өнер көрсету және де жеңіске жету қажет»», - деді Н.Назарбаев.

Осы орайда Елбасы еліміздегі жанкүйерлер спортшыларымызға жан-жақты дем беріп, барлық қолдау шараларын атқаратындығын баса айтты.

«Күмәндарыңыз болмасын, қазіргі уақытта бұл жайында барлығы да біліп, оның қалай өрбитіндігіне  қызығушылық танытуда.  Бейжің олимпиадасына мен де бардым, қалашықта болдым. Біреулеріңізбен кездескен де шығармыз  және осы жолы да бұл дәстүрді жалғастыратын боламыз. Мен сіздерге барлығы да дұрыс болуы үшін мықты денсаулық тілеймін. Сіздер қазақстандық жанкүйерлерді қуантады деп сенім артамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар