Еліміздің оңтүстігінде бүгін екінші рет жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 08 сағат 00 минут 01 секундта болған жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 326 шақырым қашықтықта, Қытай мен Қырғыз Республикасының шекарасында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы -9.5. Тербелісі - MPV 4.1, тереңдігі - 5 шақырым», - деп хабарлады СТӘЭ.
Еске сала кетсек, бұған дейін таңғы сағат 4:33-те Жамбыл облысының аумағында тербелісі 4.0 жер сілкінісі тіркелген болатын.