Еліміздің саяси партиялары ортақ мәселелерді шешу жолдарын талқылады
Оны «Экологиялық орталық» қоғамдық қоры Қазақстанның азаматтық альянсының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Шараның мақсаты Қазақстандағы партияларды біріктіре отырып, күрделі әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға бағытталған. Жиын Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізіліп отыр. Отырысқа еліміздің жетекші саяси партияларының өкілдері қатысты.
«Әр партияның көзқарасы, ұстанымдары әр түрлі болғанымен де біздерді біріктіріп отыратын белгілі бір жағдайлар бар. Әлеуметтік, экономикалық, халықтың тұрмыс жағдайы секілді мселелерде біздің көтеріп жүрген ортақ тақырыптарымыз бар. Осы мәселелерді бірлесе шешу арқылы біздер еліміздің саяси тұрақтылығының артуына үлес қосамыз», дейді «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Братенков.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі басқосу қазан айында өткізіледі. Ол жиында да партиялар арасындағы ортақ мәселелердің шешу жолдарын талқылау жоспарланған.