14:40, 21 Мамыр 2015 | GMT +5
Еліміздің шекарасынан 2 мыңға жуық тасбақаны алып өтпек болған өзбек азаматы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қапланбек» бекетінде 2000-ға жуық тасбақаны заңсыз өткізбек болған өзбек азаматын ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

«Еліміздің оңтүстігінде орналасқан Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Қапланбек» бақылау-өткізу бекетінің (Оңтүстік Қазақстан облысы) шекара наряды Өзбекстан азаматы мінген «Дэw Матiz» көлігіне шекаралық тексеру өткізу кезінде одан үш қапшық пен бір қорапқа салынған жалпы саны 1955 дана тасбақаны тапты», делінген хабарламада.
Автокөлік иесі - 1983 жылы туылған өзбек азаматы ұсталды.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.