Еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов алғаш рет Ресей Федерациясына сапармен барады

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 21 қарашада еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов алғаш рет Ресей Федерациясына сапармен барады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен болған брифингте мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, осы сапар барысында Е.Қазыханов ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесіп, қазіргі таңдағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ахуалы мен болашақ перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ кездесуде еліміздің Ресеймен жанар май -энергетикалық және ғарыш салалары бойынша ынтымақтастықты арттыру бағытындағы нақты қадамдары мен екі Мемлекет басшыларының мәлімдемелері негізінде бектілген 2011-2012 жылдарды қамтитын бірлескен қимылдар жөніндегі жоспарының орындалу барысы сөз болады.

«Бұған қосы сыртқы істер водомстволарының басшылары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық пен Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты мәселелерді ортаға салып, Каспий проблематикасына байланысты пікір алмасады. Кездесу соңында Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрліктерінің 2012 жылға арналған бірлескен қимылдар жөніндегі жоспарына қол қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар