Еліміздің табысқа қол жеткізуі оның әрбір азаматына байланысты ? Светлана Савченко

АЛМАТЫ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Еліміздің табысқа қол жеткізуі оның әрбір азаматына, оның оқуға, жетілуге және өзінің біліктілігін арттыруға деген құштарлығына тікелей байланысты.
None
None
Дағдарыс - әр адамға өз қабілетін жүзеге асыруға берілген мүмкіндік. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» қоғамдық қорының президенті, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, ҚР Парламенті жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі Светлана Савченко айтты. С.Савченконың пікірінше, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы терең ойластырылған, ол ертеңгі күнге деген сенімді арттырады. «Президенттің кәсіпкерліктегі әйелдер бастамасына үлкен назар аударуы бізді қуантады. Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікте негізінен әйелдер қызмет етеді. Сонымен қатар, олар отбасылық кәсіпке өздерінің жақындарын тартады, осылайша қосымша жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді», - дейді ол. «Президенттің беделді емес жұмыс туралы пікір қалыптастырмауға шақыруы маған өте ұнайды.Әр адамның еңбегі, ол қай салада болмасын еліміз үшін өте маңызды. Жолдауда кез келген жұмыс орындарында, кәсіпкерлікте де біліктілікті арттыруға көңіл бөлініп отыр. Бұған кәсіпкерліктегі құқықтық мәдениетті көтеруді де қосуға болады. Расында да енді диванда жата беруге болмайды, қимылдау керек», - деп есептейді С.Савченко. Мемлекет басшысы бірігуге және көп болып дағдарысты ауыздықтауға шақырды. «Қиындық біздерді шынықтыруы және біріктіруі тиіс. Бүгінгі жағдайда біз бір-бірімізді қолдауымыз, өз тәжірибемізбен бөлісуіміз және осы арқылы экономикалық дағдарысқа қарсы шығуымыз керек», - дейді елге танымал қоғам қайраткері.
Соңғы жаңалықтар