02:36, 01 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Еліміздің теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Каспий теңізінде жүк тасымалын дамыту мәселесіне тоқталатын болсақ, қазақстандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайғандығын айта кеткен орынды.
Осылайша 2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүк айналымының өсімі 12%-ды құрады»,-делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өсім 80 пайызға жетіп отыр. Оның ішінде, мұнайды ауыстырып тиеу бойынша ең жоғары өсім – 53%, сондай-ақ пароммен тасымалдау – 12%.
Биыл қыркүйек айында Abu Dhabi Ports Group қатысуымен қазақстандық Semurg Invest компаниясы салған Құрық портындағы жаңа терминалдан астықтың бірінші партиясын жөнелту жоспарланып отыр.