Еліміздің туын желбіреткен тәуелсіздікпен құрдас спортшылар (ФОТО)
Олардың қатарында ел іші және жаһандық жарыстарда топ жарып, төрткүл дүниеге Тәуелсіз Қазақстанның атын паш етіп, Әнұранын әуелетіп, Көкбайрағын желбіретіп жүрген спорт саңлақтарымыздың орны ерекше. Бүгін, айтулы мереке күні Тәуелсіздікпен түйдей құрдас спортшыларымызды оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Данияр Елеусінов
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Туған жылы: 13.03.1991 ж. Спорт түрі: Бокс Жетістіктері: Әлем чемпионы, Кадеттер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы. Лондон Олимпиадасына қатысушы.
Феруза Ергешова
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы
Туған жылы: 17.11.1991 ж. Спорт түрі: Таэквондо Жетістіктері: Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, М.Өзтүрік, Б.Түлкиев және С.Төлендиевті еске түсіруге арналған халықаралық жарыстардың жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы. Бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Лондон Олимпиадасына қатысушы.
Ислам Бозбаев
Туған жері: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Туған жылы: 11.06.1991 ж. Спорт түрі: Дзюдо Жетістіктері: Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Жапонияда өткен «Үлкен дулыға» турнирінің қола жүлдегері. Лондон Олимпиадасына қатысушы.
Айман Қожахметова
Туған жері: Талдықорған қаласы Туған жылы: 23.04.1991 ж. Спорт түрі: Спорттық жүріс Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Вьетнамда, Жапонияда өткен Азия чемпионаттарының қола медаль иегері. Лондон Олимпидасына қатысушы.
Ілияс Сүлейменов
Туған жері: Ақмола облысы Туған жылы: 29.03.1991 ж. Спорт түрі: Бокс Жетістіктері: Махамбет Өтемісұлы атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының және Әскерилер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Президенті Кубогының иегері. Инчхонда өткен Азиадада ойындарының чемпионы. Лондон Олимпиадасына қатысушы.
Шолпан Қожахметова
Туған жері: Талдықорған қаласы Туған жылы: 23.04.1991 ж. Спорт түрі: Спорттық жүріс Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Лондон Олимпидасының қатысушысы.
Нұрсұлтан Найзабеков
Туған жері: Тараз қаласы Туған жылы: 10.05.1991 ж. Спорт түрі: Еркін күрес
Жетістіктері: Екібастұз қаласында еркін күрестен жастар арасында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы, Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері.
Гүлісхан Нақбаева
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Туған жылы: 09.12.1991 ж. Спорт түрі: Шахмат
Жетістіктері: Қазақстаның бірнеше дүркін чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы. Әлемдегі ең мықты 100 шахматшысының бірі.
Мұхамеджан Тілегенов
Туған жері: Жамбыл облысы Туған жылы: 30.03.1991 ж. Спорт түрі: Кикбоксинг
Жетістіктері: Ересектер арасындағы Әлем кубогының иегері, Атырау қаласында кикбоксингтен «Сұлтан Бейбарыс Кубогы» жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы. Бірқатар халықаралық бәсекелердің жүлдегері.
Ердәулет Құрманов
Туған жері: Алматы қаласы Туған жылы: 29.05.1991 ж. Спорт түрі: Самбо, қазақ күресі
Жетістіктері: Самбодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, «Қазақстан Барысы» турниріне қатысушы.
Дайындаған Күнсұлтан Отарбай