19:31, 16 Сәуір 2013 | GMT +5
Еліміздің үздік шаңғышылары марапатталды
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы, ҚР шаңғы жарысы федерациясының президенті Өмірзақ Шөкеевтің және шаңғы спорты майталмандарының қатысуымен федерацияның кеңейтілген отырысы болып өтті.
Отырыста федерация басшылығы өткен маусымның қорытындысын шығарып, алдағы уақытқа жоспарларын жариялады.
Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» басшысы Ө. Шөкеев шаңғыдан Қазақстан құрамасының үздік бапкерлері мен спортшыларына бағалық сыйлықтар табыс етті.
Соңғы кездерде шаңғы спортында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген Алексей Полторанин, Николай Чеботько сынды спортшылардың еңбегі атап өтіліп, ақшалай сыйлыққа ие болды.
«Шаңғы спорты елімізде жақсы дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Онымен айналысу әркімнің қолынан келеді және қымбатқа да түспейді. Түрлі әлемдік бәсекелерде де жақсы нәтижелер көрсетіп жүрміз. Сондықтан мемлекет осы спорт түрін одан әрі дамыта түсуге мүдделі», деп атап өтті Ө. Шөкеев.