Еліміздің жаһандық өркениетке батыл араласып, халықаралық аренада зор абыройға жетуі - Қазақстанның жарқын болашағын көрсетеді - Қазақстан Жазушылар одағы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 ғасырдың дамуындағы халқымыздың бағыт сілтер темірқазығы - «Қазақстан 2050» стратегиясы дипломатиямыздың да арнасын айқындап берген. Сыртқы қатынаста көпвекторлықты ұстанған еліміздің саясаты ұтымдылығын танытып келеді. Бүгін тағы да соған көз жеткіздік. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы жолдаған құттықтауда айтылған.
None
None

«Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелікке өтті. Қазақстан 138 дауыспен топ жарып отыр. Бұл халықаралық аренадағы мемлекеттіліктің үлкен жеңісі. Әсіресе оның Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тұсында бізге бұйыруын, тағдырдың сыйы деп қараған жөн», - делінген хабарламада.

Еліміздің мұндай бас айналдырар табысқа қол жеткізуін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі деп түсінуіміз керек. Оның халықаралық саммиттерге қатысып, ауқымды және аймақтық қауіпсіздік жайлы сөздері, әсіресе, 2015 жылғы БҰҰ Ассамблеясындағы антиядролық ұстанымы сөзсіз ықпал етті. Сондай-ақ, жаһандану дәуірінде мемлекет құрудың Еуразиялық үлгісіне негізделген қазақстандық моделін қалыптастырды.

Не бары Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отырған еліміздің жаһандық өркениетке батыл араласып, халықаралық аренада зор абыройға жетуі - Қазақстанның жарқын болашағын көрсетеді.

Бейбітсүйгіш елімізді, оның Елбасын сәтті қадамдарымен құттықтаймыз! Ұлы Дала елінің мәртебесі асқақтай берсін.

Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болғай!

Соңғы жаңалықтар