Елімізге біліктілігі төмен шетелдік жұмысшылардың келуіне тыйым салу мәселесі қаралып жатыр

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы елімізге біліктілігі төмен шетелдік жұмысшылардың келуіне тыйым салу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін селекторлық кеңестен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы жылы ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында өткен жылға қарағанда шетелден тартылатын жұмыс күшіне квота екі есе қысқартылғанын еске салып өткен министр, елімізге төртінші категория бойынша, яғни біліктілігі төмен шетелдік жұмысшылардың келуіне мораторий жариялау мәселесі қаралып жатқандығын атап өтті. Б. Сапарбаевтың айтуынша, ағымдағы жылғы қаңтардың 20-сындағы мәлімет бойынша 1002 меморандумға қол қойылды. Осы шараларға сәйкес жұмыс орнының толық сақталуын 972 кәсіпорын қамтамасыз етті.
Соңғы жаңалықтар