Елімізге тауарлардың экспорты 99,8 млрд. долларды, импорты 51,2 млрд. долларды құрайтыны болжанады - Е. Досаев

Министрдің айтуынша, бюджет жобасы Қазақстанның экономика салаларын дамытудың ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы деректерін, сондай-ақ өнімнің негізгі түрлерін (мұнай, газ, металдар, мұнай өнімдері, ауылшаруашылығы өнімдері және т.б.) өндірудің күтілетін көлемдері бойынша мемлекеттік органдардың нақтыланған деректерін ескере отырып түзетілген. Бұл ретте өсудің негізгі факторларының бірі елдегі инвестициялық белсенділіктің жандануы болып табылады. «Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 7,9 пайызға өсті, ол өткен жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,8 пайыздық тармаққа жоғары. Ал бюджетті нақтылау кезінде, халықаралық ұйымдар (Дүниежүзілік Банк, Халықаралық валюта қоры, БҰҰ) күтіп отырған әлемдік экономика мен дамуының шикізат тауарларына бағаларының даму үрдістері ескерілді», - дейді министр Е. Досаев.
Оның айтуынша, 2013 жылға арналған болжамды нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы бір барреліне 100 АҚШ доллары болып айқындалды. Ал тауарлардың экспорты болжам бойынша 99,8 млрд. долларды құрайды, ол мұнайдың болжанатын бағаны ұлғаю жағына қайта қараумен мақұлданған болжаммен салыстырғанда 3,7 млрд. долларға жоғары. Тауар импорты 51,2 млрд. долларын құрап, бұған дейін мақұлданған болжамнан 5,1 млрд. долларға төмен көрсеткішке ие болмақ. «Экономика салаларының тұрақты өсуі және айтарлықтай жоғары дәрежедегі тұтыну белсенділігі қызметтер саласындағы өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді деп күтілуде. Инфляция бойынша параметрлер жылдың соңында бұған дейін болжанған 6-8 пайыздық дәлізде сақталады», - деді министр.