«Элизабет Ледерердің портреті» рекордтық бағаға сатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Густав Климттің «Элизабет Ледерердің портреті» аукционда 236,4 млн долларға сатылып, ең қымбат заманауи өнер туындысы атанды, деп хабарлайды NBC News. 

«Портрет Элизабет Ледерер» продан за рекордную сумму — $ 236,4 млн
Фото: Sotheby's

Портрет тек жоғары бағасымен ғана емес, сонымен қатар сиректігімен де тарихи маңызға ие.

Жеке коллекцияларда Климттің толық бойымен салынған небәрі екі портреті ғана қалған.

Олардың бірі ешқашан сатылымға шығарылмауы мүмкін, ал екіншісі — осы портрет. 

1914 және 1916 жылдар аралығында салынған портретте Элизабет Ледерердің азиялық ою-өрнектер арасында империялық қытай шапанын киіп тұрғаны бейнеленген.

«Портрет Элизабет Ледерер» продан за рекордную сумму — $ 236,4 млн
Фото: Sotheby's

Густав Климттің пейзаж бейнеленген екі картинасы да сатылды: 1906 жылы суретші мансабының шарықтау шегінде салынған «Гүлденген шалғын» картинасы 86 млн долларға және 1917 жылы салынған «Аттерзе Унтерлеріндегі орманды беткей» картинасы 68 млн долларға сатылды. Соңғысында Аустриядағы Аттерзе көліне қарайтын қалың орман бейнеленген.

Үш шығарма да қуғын-сүргін, соғыс, тасымалдау және уақытқа қарамастан тамаша күйінде сақталған.

Аукционда сондай-ақ Анри Матисс, Ван Гог және Эдвард Мунктің жұмыстары қойылды. Мунктің «Жазғы түн» картинасы 35 млн долларға сатылды.

Sotheby’s аукционы соңғы жылдардағы ең күтілген аукциондардың бірі болды. Онда филантроп, косметика империясының мұрагері және аты аңызға айналған коллекционер Леонард Лаудердің мен анасы Эсте Лаудердің жеке коллекциясы қойылды.

2020 жылы Рембрандт автопортреті Sotheby’s виртуалды аукционында 14,5 млн фунтқа (18,7 миллион АҚШ доллары) сатылды. 

Соңғы жаңалықтар