Елизавета Голубева Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды

МИЛАН. KAZINFORM – Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жүгіру жарысы жалғасып жатыр. 

Елизавета Голубева Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Әйелдер арасында конькимен жүгіруде масс-старт сынында Елизавета Голубева ел намысын қорғады. Қортындысында, отандасымыз 8 минут 44.66 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын жетінші болып кесіп, 3 ұпай еншіледі.

Ережеге сәйкес, әр топта 8 спортшы финалға жолдама алады. Осылайша, Елизавета Голубева Астана уақыты 21:15-те ақтық сында жарыс жолына шығады.

Айта кетерлігі, дәл осы сында Қытай құрамасының атынан сынға түсіп жатқан қазақ қызы Ақнар Адаққызы жарыс жолына шығып, өз тобында 10-орынан көрінді. 

Бқған дейін хабарлағанымыздай, Елизавета Голубева әйелдер арасында 1 500 метрге конькимен жүгіруде 7-орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум