«Елімай» мен «Астана» тең ойынға қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Лига кубогы жартылай финалында семейлік «Елімай» мен елордалық «Астана» тең ойынға қанағат білдірді.

«Елімай» футбол клубы
Фото: «Елімай» футбол клубы

Биыл екі команда жоғары жетістікке жетуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан ел біріншілігі және басқа да турнирлерде жеңіске жету жолын іздеп келеді. Десе де ел біріншілігінде қос ұжым да үздік үштіктен көріне алар емес. Ал Лига кубогында жартылай финалға дейін жетті.

Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасынан гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Десе де тоқсан минут бойы қақпадан саңылау таба алған жоқ. Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ турнирдің аталған сатысында елордалық «Жеңіс» өз алаңында алматылық «Қайратты» 2:0 есебімен сүріндірді.

Қарымта кездесу 30 қазанға белгіленген.

Айта кетсек, 11 тамызда 14-турдың кейінге қалдырылған екі ойынның бірінде «Тобыл» «Қызылжарға» 1:2 есебімен есе жіберсе, «Атырау» мен «Ақтөбе» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Соңғы жаңалықтар