Еліміз биыл 3,9 млрд доллардың дайын тамақ өнімдерін экспортқа шығармақ

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміз биыл 3,9 млрд доллардың дайын тамақ өнімдерін экспортқа шығармақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Макарон
Коллаж: Kazinform

- Қабылданған жүйелі шаралар қазірдің өзінде оң экономикалық нәтиже беруде. Мысалы, дайын тағам өнімдерінің экспорты бойынша орта есеппен 3 есеге өсті. Оның ішінде ұннан жасалған кондитерлік өнімдерінің экспорты – 2 есеге, макарон – 1,2 есеге, маргарин – 3,5 есеге, балмұздақ экспорты 5,7 есеге артты, - деді министр.

Сондай-ақ ол астықты терең өңдеу өнімдері, яғни биоэтанол, глютен және крахмал экспорты да айтарлықтай көбейгенін атап өтті.

- Бұл қосылған құны жоғары өнімдердің зор әлеуетін айқын көрсетеді. Жалпы, 2020 жылдан бері қайта өңделген өнім экспорты 3,2 есеге өсті. Биыл бұл көрсеткішті 3,9 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарлануда, - деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, еліміз әлемдік күнбағыс майы экспортында 8-орынға көтеріліп, жасымықтан дайын өнім экспортқа шығара бастады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум