Еліміз бойынша 6 облыстағы 9 жолда қозғалыс шектелді

АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 6 облыстағы 9 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады бүгін «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі.

трасса, закрыта дорога, метель, буран, снегоуборочные машины, қар тазалау машиналары, автожол, жол жабық, боран
Фото: «КазАвтоЖол»

Ақмола облысы:

- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Жақсы ауылы).

Ақтөбе облысы:

- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Қобда ауылы);

- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы);

- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы);

- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы - Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы:

- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Мақат ауылы);

- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы - Доссор ауылы);

- «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты» 3-120 шақырым аралығы (Доссор ауылы - Құлсары ауылы).

Батыс Қазақстан облысы:

- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы-Жымпиты ауылы).

- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).

- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы -РФ шекарасы);

Жетісу облысы:

- «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Тахтаброт ауылының бұрылысы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 161 арнайы техника мен 306 маман жұмылдырылды.

Осыған дейін Ақтөбе облысында көліктері бұзылып, жолда қалған төрт Тәжікстан азаматы құтқарылғаны туралы жаздық

 

Соңғы жаңалықтар