Елімізде 120-дан астам өрт сөндіру депосын салу қажет

Пожарные
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі еліміз аумағында өрт сөндіру деполары жетіспейтінін мәлім етті. 

«Қазіргі кезде ел аумағын өрттен қорғауды 432 өрт сөндіру бөлімшесі атқарып жатыр. Енді қосымша 121 өрт сөндіру депосын салу қажет», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұл тұрғыда ведомство 20 өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүріп жатқанын атап өтті.

«Өрт сөндіру депосының құрылысы бюджеттен бөлінген қаражатқа қарай кезең-кезеңмен салынады», - деп аталып өткен ТЖМ ақпаратында.

Айта кетейік, биылдың өзінде 150-ге жуық табиғи өрт тіркелді.

«Осы жылы жаз ыстық болуы мүмкін, яғни өрттің шығу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде еліміз бойынша 27 орман өрті және 122 дала өрті тіркелді. Олардың көбі министрлік күштерінің, соның ішінде авиацияның қатысуымен ауыздықталды», - делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар