Елімізде 17 мың шақырымнан астам электр желісі жаңартылады

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі биыл елдегі инфрақұрылымның тозу деңгейін 2 пайыз төмендетпекші.

В регионах Казахстана ведут работу по замене 17 тысяч км электролиний
Фото: Энергетика министрлігі

— 2026 жылы электр станцияларында 9 энергиялық блокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны жөндеу жоспарланған. Сонымен бірге 17,1 мың шақырым электр желісін, 444 қосалқы станцияны жөндеу көзделіп отыр. 377 шақырым жылу желісін жаңалау жоспарымызда бар, — деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің сөзінше, аталған жобалар энергетика инфрақұрылымының тозу деңгейін 2% төмендетеді.

— Сондай-ақ, бұл жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді ведомство басшысы. 

Бұған дейін, министр Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобалық құжаттарын әзірлеу басталғанын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум