Елімізде 732 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазір елімізде 732 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлім етті. 

арбадағы адам
Фото: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Бүгінгі күні қоғамдағы инклюзияны көбіне өткір қажет ететін – ол мүгедектігі бар адамдар. Қазір елімізде 732 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар тұрады.Олардың ішінде балалар үлесі — 15% (0-ден 18 жасқа дейін), 18 асқан адамдар — 85%, оның ішінде еңбекке қабілетті адамдар — 57,2%, зейнет жасындағы — 27,5% құрайды.Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарды қолдауға шығындар бюджеттің әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарының шамамен — 11% құрайды», — деді вице-министр ОКҚ алаңында өткен Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы туралы баспасөз қызметінде.

Осы орайда Асқарбек Ертаев мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеміне 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен 624,1 млрд теңге бөлінгенін атап өтті (2023 жылы 522,1 млрд теңге).

Бұған дейін хабарланғандай, Түркістанда мүгедектігі бар жандар үшін кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Соңғы жаңалықтар