Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер реестрі кеңейтілді
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-Министр орынбасары — Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі жаңартылды.

Бұрынғы тізілімде 835 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі болған, жаңа тізімде олардың саны 1094-ке жетті. Олардың қатарында қоғамдық қор, жеке кәсіпкер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.
Атап айтқанда:
— Мүгедектер жандардың тәуелсіз өмірі «ДОС» орталығы» қоғамдық бірлестігі;
— Астана қаласындағы аутизмі бар балалардың ата-аналардың «Орда» қоғамдық бірлестігі;
— «Керемет жол» республикалық қоғамдық бірлестігі;
— «Tiflosmart» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі;
— «Шеберлер елі» мүгедектер қоғамдық бірлестігі;
— «Әйелдер достығы орталығы» қоғамдық бірлестігі;
— «Алтын шуақ» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі және басқалар бар.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Еске сала кетсек, биыл наурызда кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге өтініш пен құжат қабылдау басталды.
Айта кетейік, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі құрылатыны 2021 жылы айтылған.