Кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге өтініш пен құжат қабылдау басталды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге аккредиттеуді жүргізуге өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.

Кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге өтініш пен құжат қабылдау басталды
Коллаж: Kazinform

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу тәртібі, аккредиттеуді жүргізу қағидаларында, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанында, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің негіздері мен күшін жою тәртібі айқындалған.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Министрлікке электрондық нысанда:

1) қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші мемлекеттік органдарда қатарынан екі реттен артық аккредиттеуді растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.

Министрлікте аккредиттеуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай мекенжай бойынша бере алады:

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 подъезд 2, каб. 705/1, электрондық пошта: [email protected].

анықтама үшін телефон: 8-7172-60-21-25.

Алматының кәсіпкерлік субъектілерінен екі жылда 2017 заңсыз өнім тәркіленгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар