Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйік болды.

кадрлық тағайындау
Фото: Kazinform

22 қаңтарда Қызылорда облысының табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Басқарма басшысы қызметіне Серік Сермағамбетов келді.
С. Сермағамбетов 1965 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын экономист, Еуразия ұлттық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Балық шаруашылығы министрлігі материалдық-техникалық жабдықтау орталық базасының аға экономисі болып бастаған.

2005-2011 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет етті.

2011-2016 жылдары Жалағаш ауданының әкімі, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2021 жылдың мамыр айынан осы кезге дейін Арал ауданының әкімі қызметінде болды.
Сол күні NCOC компаниясының басшылығы ауысатыны айтылды

2024 жылғы наурызда Джанкарло Рую мырза NCOC компаниясының жаңа басшысы ретінде Оливье Лазар мырзадан басқарушы директор міндетін қабылдайды.

Оливье Лазар мырза NCOC компаниясына 2021 жылғы маусымда құрлық және теңіз жобалары шеңберінде геологиялық барлау, мұнай өндірісі және газ саласында жинақтаған мол тәжірибесімен келген.

Лазар мырза Shell компаниясында 35 жылдан астам қызмет атқарған. Соңғы 6,5 жыл Қазақстанда еңбек етіп, елдің энергетикалық секторын және оның әлеуетін терең түсінетінін көрсетті.

Оливье мырзаның басшылық етуімен NCOC компаниясында Солтүстік Каспий жобасына да, сондай-ақ Қазақстан Республикасына да өте маңызды газ жобалары бойынша негізгі шешімдерді қамтамасыз ететін кеңею жобалары әзірленді.

Екінші жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарының табысты орындалғаны рекордтық деңгейлерге сенімді жетуге мүмкіндік беріп, Қашағанда мұнай өндіру қайта басталған кезден бастап мұнай өндірудің жиынтық көлемі 100 млн тоннадан асты.

Ал, жақында іске қосылған сарқынды су тазарту қондырғысы өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, компания шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру және жергілікті қамту салаларында рекордтық көрсеткіштерге жетті және Атырау облысының Мақат ауданы мен Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына ерекше көңіл аудара отырып, бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды.

Джанкарло Рую мырза Қазақстанда және шет елдерде мұнай және газ кен орындарын басқару стратегиясы бойынша мол тәжірибе жинақтады.

Осы қызметке дейін ол өндірістің, кен орындарын барлаудың, игерудің және пайдаланудың, сондай-ақ бизнесті дамытудың толық барысын қамтитын жауапты лауазымдарды атқарған.

Ол соңғы қызметі бойынша «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бас директоры лауазымында еңбек етеді, оның алдында Әбу-Дабиде Eni/ADNOC бірлескен кәсіпорнының құрлық бағдарламасын басқарды.

Ганада Eni басқарушы директоры және Қашаған кен орнын игерудің І кезеңінің директоры болды.
Апта басында Рзабек Меңдіқұлов Шымкент энергетика басқармасының басшысы болып тағайындалды

Рзабек Балтабекұлы 1988 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — химиялық технология мен биотехнология.

2011-2014 жылдары Мәскеу қаласындағы мұнай компанияларында жауапты қызметтер атқарған.
Энергетика министрлігінде басқарма басшысы, Президент Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

Ал 2023 жылдың 14 қарашасынан бүгінге дейін «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры қызметін атқарып келді.

Дүйсенбі күні Бауыржан Орынтаев Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына басшы болды

Бауыржан Орынбасарұлы 1989 жылы 21 қаңтарда Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — жерге орналастыру, мемлекеттік және жергілікті басқару.

2011-2022 жылдары Созақ аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Созақ аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім басшысы, Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2022-2023 жылдары «Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің бөлім басшысы және Шымкент қаласы әкімінің көмекшісі болып еңбек етті.

07.12.2023 жылдан бастап бүгінге дейін «Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы лауазымында қызметте болды.

22 қаңтарда Асқар Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болды

«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Апта басындағы тағы бір тағайындау Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі лауазымына Аманжол Оңғарбаев тағайындалды

А.Оңғарбаев 1968 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Болашақ» университетін «Қаржы және несие», Қазақ гуманитарлық Заң университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Филология ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1986 жылы қарапайым жұмысшы болып бастаған. 1993-2000 жылдары облыстық тіл басқармасының бірінші категориялы маманы, Ұлт саясаты жөніндегі облыстық комитеттің жетекші маманы, облыстық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

2000-2010 жылдары «АСУ» баспа үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Халық» газетінің бас редакторы, директоры қызметтерін атқарған.

2010 жылдан бері «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарып келді. Қызылорда облыстық мәслихатының V, VII, VIII шақырылымдарының депутаты ретінде өңірдің және осы ауданның өзекті мәселелерін көтеріп, шешілуіне атсалысты.

Өткен аптаның алғашқы күні Күнсұлу Закария жаңа қызметке тағайындалды

«Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Айта кетейік, Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасын әзірлеуге қатысқан.

«Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 8 ғылыми-әдістемелік құралдың, 5 монографияның, 29 өнертабысқа берілетін патенттің, оның ішінде 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.
2022 жылдың 22 тамызынан 2023 жылдың сәуіріне дейін «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының лауазымын атқарды. Оған дейін ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры болған.

Күнсұлу Закария жаңа қызметіне дейін Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті қызметін атқарды.

22 қаңтарда Ақылбек Күрішбаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды

23 қаңтарда Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің өкімімен Бұйрашев Әнуар Қанашұлы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әнуар Қанашұлы 1980 жылы туған, жоғары білімді. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Дәрігер» мамандығы бойынша, 2011 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша, 2017 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің магистратура бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Б. Жарбусынов атындағы урологиялық ғылыми орталығы» АҚ сәулелік диагностика және рентгенэндоурология бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері ретінде бастап, кейін аталған бөлімшенің басшысы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдар аралығында «Ұлттық онкология және трасплантология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Б. Жарбусынов атындағы урологиялық ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасының қаржы-экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2017-2019 жылдары «Ұлттық онкология және трасплантология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болған.

2020-2022 жылдары Дәрігер Орынбаевтың медициналық орталығының бас дәрігері, «Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Бұл лауазымға дейін Алматы қаласының № 32 қалалық емханасының бас дәрігері болды.

Сейсенбіде Сарқытбай Құсайынов Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Полиция полковнигі Құсайынов 1973 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1995 жылдан бастаған.

Еңбек жолын жедел уәкілден бастаған ол әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Осы уақытқа дейін ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болды.

Естеріңізге сала кетейік, Департаменттің жеке құрамы арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту және облыс аумағындағы жедел жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында 2023 жылдың 15 қарашасынан бастап ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауымен өңір полициясын уақытша Арман Саданов басқарды.

Қазіргі уақытта полиция генерал-майоры Арман Саданов ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментін басқаруда.

24 қаңтарда Семей қаласының прокуроры болып Азамат Уәлиев тағайындалды

Азамат Уәлиев 1978 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінде ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеген.

Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық еңбек өтілі бар.

25 қаңтар күні ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясына жаңа басшы келді

Karaton Operating Ltd бас директоры қызметіне Арсен Байхарашев тағайындалды.

Арсен Байхарашев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің өндіру активтері басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Арсен Байхарашев — жоғары білімді, 2011 жылы Лондонда (Ұлыбритания) HULT American International University of Business университетін «бизнес әкімшілендіру және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «ҚазМұнайГаз Барлау-Өндіру» АҚ, «Орал ойл энд газ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да әртүрлі қызметтерден бастады.

«Karaton Operating Ltd» компаниясы — ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы.

26 қаңтарда Қалқаман Сарин «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры болып тағайындалды

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы 1998 жылы Евразия ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2014 жылы аталған оқу орнының гуманитарлық ғылымдар магистрі атанып, 2020 жылы докторантурасын аяқтады.

1998-2008 жылдары ҚазҰМА әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы.

2013-2015 жылдары «Астана» телеарнасында «Кеш емес» саяси-әлеуметтік ток-шоудың жүргізушісі.

2014-2015 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті ректорының кеңесшісі.

2016-2017 жылдары «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Ой-толғау» танымдық бағдарламасының жүргізушісі, 2008-2017 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің аға оқытушысы, 2018-2019 жылдары «Шалқар» ұлттық радиосының директоры, 2019-2023 жылдары

Өскемен қаласы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2008-2015 жылдар аралығында Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты атанған. 2023 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген.