Елімізде аптап ыстық болады – ТЖМ қауіпсіздік шараларын ескертті

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 14–15 маусым күндері ел аумағында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Токиода шілде айындағы аптап ыстықтан 120 адам қаза тапты
Фото: romatomorrow.it

Метеорологтардың болжамынша, республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жаууы, желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшеюі, сондай-ақ кей өңірлерде тұман түсуі мүмкін.

Бұған қоса, ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде кеңес береді:

  • аптап ыстық пен қатты жел кезінде орманды және дала аймақтарынан аулақ болу;

  • найзағай кезінде ағаш астына жасырынбау және көшеде электр құрылғыларын пайдаланбау;

  • от жақпау, жанғыш заттарды ашық күн астында қалдырмау;

  • ауа райы нашарлаған жағдайда үйден шықпау.

«Қазгидромет» мамандары қолайсыз метеожағдайлар кезінде барынша сақ болуға шақырады.

Бұған дейін 14 маусымға арналған ауа райы болжамы ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар