Елімізде ауасы ластанған қалалар аталды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.    

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұған дейін 8 қалада ауа сапасы нашарлағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар