Елімізде әуежайлар жаңғыртылып, ұшақтар паркі жаңарады

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада 20–22 қазан аралығында өтіп жатқан ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығы (ICAO Security Week 2026) аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесті.

әуежай
Фото: Үкімет

Министрліктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесу барысында Қазақстанның ИКАО-мен өзара іс-қимылы, авиациялық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Министр азаматтық авиация саласын дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Қазақстанның Көлік министрі ИКАО Бас хатшысымен кездесті
Фото: Көлік министрлігі

— 2028 жылға дейінгі үш жылдық жоспар шеңберінде әуе қатынасы бағыттарының желісін кеңейту, әуежайларды жаңғырту, әуе кемелері паркін жаңарту және авиация мамандарын даярлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ИКАО-ның сараптамалық қолдауымен 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі мастер-жоспар әзірленуде, — делінген хабарламада.

Хуан Карлос Саласар
Фото: Көлік министрлігі

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиацияның басым бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екенін растады.

Қазақстанның Көлік министрі ИКАО Бас хатшысымен кездесті
Фото: Көлік министрлігі

Бұдан бұрын Қазақстан алғаш рет ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік апталығын өткізетінін жаздық.

Сондай-ақ Қазақстанға ресми сапармен ИКАО Бас хатшысы келгені белгілі болды.