Елімізде доллар қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау орындарында:
— доллар: сатып алу — 538,19 теңге, сату — 540,21 теңге;
— еуро: сатып алу — 623,99 теңге, сату — 627,88 теңге;
— рубль 6,54 — 6,66 теңге аралығында саудаланады.
— юань 76,15 — 78,54 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 536,55 теңгеден сатып алынады, 542,46 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 621,52 теңге, сату — 629,37 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,58 теңге, сату — 6,74 теңге.
— юань 76,27 теңгеден сатып алынады, 80,13 теңгеден сатылады;
Еске салайық, өткен апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, 538,13 теңге болды.