10:51, 10 Наурыз 2026 | GMT +5
Елімізде донорлыққа келісімін бергендердің саны 3 есеге жуық өсті
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылы Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жай ғана статистика емес. Әрбір осындай шешім – трансплантаттауды күтіп отырған бірнеше адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі.
Жалпы алғанда, кейінгі үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа саналы түрде келісім берген азаматтар саны шамамен 3 есеге артқан:
• 2023 жылы – 4 991 адам,
• 2024 жылы – 7 242 адам,
• 2025 жылы – 12 671 адам.
Еске сала кетейік, бұған дейін мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай екенін жазғанбыз.