Елімізде ең үздік жедел жәрдем бригадалары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтау қаласында жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Лучшие бригады скорой помощи определили в Казахстане
Фото: Министерство здравоохранения РК

Сайысқа еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Әзербайжан мемлекетінен командалар жиналды. 

Үш күн бойы қатысушылар ересектер мен балалардың жүрек-өкпе реанимациясынан бастап жарақат алған кезде дәрігерге дейінгі көмекке, жаңа туған нәрестелерді қадағалап-қарауға және акушерлік асқынулар кезінде алғашқы көмек көрсетуге дейінгі нақты жағдайларға барынша жақын жағдайларда шұғыл көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Лучшие бригады скорой помощи определили в Казахстане
Фото: Минздрав РК

Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын — Жамбыл облысы
  • 2 орын — Абай облысы
  • 3 орын — Астана қаласы
Лучшие бригады скорой помощи определили в Казахстане
Фото: Минздрав РК

Шетелдік командалардың арасында жеңімпаз атанғандар:

  • 1 орын — Беларусь
  • 2 орын-Ресей
  • 3 орын-Әзірбайжан

Арнайы номинациялар алғандар:

  • «Үздік командалық жұмыс» — Павлодар облысы
  • «Жеңіске деген жігері үшін» — Ұлытау облысы
Лучшие бригады скорой помощи определили в Казахстане
Фото: Минздрав РК

Жекелеген санаттарда үздік деп танылғандар:

  • PALS: Шымкент (1 орын), Түркістан облысы (2 орын), Қостанай облысы (3 орын)
  • NRP: Ақтөбе облысы (1 орын), Батыс Қазақстан облысы (2 орын), Алматы облысы (3 орын)
  • PHTLS: Атырау облысы (1 орын), Ақмола облысы (2 орын), ШҚО (3 орын)
  • ACLS: Қызылорда қаласы (1 орын), Жетісу облысы (2 орын), Қарағанды облысы (3 орын)
  • Триаж: Солтүстік Қазақстан облысы (1 орын), Маңғыстау облысы (2 орын), Алматы қаласы (3 орын)

Ұйымдастырушылар шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығы және ҚР Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы — чемпионат тек кәсіби жарыс қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналғанын атап өтті.

Іс-шара кадрлық әлеуетті нығайтуға және ел азаматтары үшін шұғыл көмек сапасын арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Түркістан облысында медициналық ұйымдарға 60 жедел жәрдем көлігі берілді.

Соңғы жаңалықтар