Елімізде энергетика саласында 4 мыңға жуық маман тапшы

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл секторда қызметкерлердің жалақысын өсіру де мәселені шеше алмай отыр. Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрлігі ресми сауалымызға жолдаған жауабында мәлімдеді.

вице-министр энергетики РК Санжар Жаркешов посетил завод по производству полимерных труб «Арыстан»
Фото: Энергетика министрлігі

— Энергетикалық ұйымдарда 57 мыңнан астам маман қызмет атқарады. Алайда кадр тапшылығы білініп отыр. Жұмысшылардың нақты саны аз, энергетика саласындағы кәсіпорындарда шамамен 3-4 мың маман жетіспейді, — делінген хабарламада.

Министрлік таратқан ақпаратқа сай, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін бірқатар шара қабылданған. Мәселен, үш жылда электр энергиясын өндіру секторы қызметкерлерінің жалақысы 36,11%-ға өскен. 2022 жылы олардың айлық табысы 360 мың теңге болса, ал 2024 жылы 490 мың теңгеге жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ғалымдар энергия жинақтауға арналған жаңа наноматериалды зерттегенін жазғанбыз.

Сондай-ақ, отандық ғалымдар механикалық тербелістерді энергияға айналдыратын құрылғы әзірледі.

Соңғы жаңалықтар