Елімізде ересектер арасындағы аутизмді жіктелген аурулар қатарына қоспақ

Аутизм
Фото: pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда аутизммен ауыратын адамдарға көмек алгоритмі қайта қаралмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Jibek Joly телеарнасының «Новое время» бағдарламасына берген сұхбатында мәлім етті.

Ресми түрде елімізде мұндай диагноз жоқ, сондықтан ересек жастағы аутистер мемлекеттің назарынан тыс қалады.

Статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда бұл дертке шалдыққандар 2 есе өскен. (5 мыңнан 10 мыңға дейін). «Аутизм Спикс» халықаралық ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын аталған диагноз әлемнің әрбір 54-ші балаға қойылады. 

Бүгінде Қазақстанда аутизм балалар ғана емес, ересектер арасында да етек жаюы проблема болып тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 145 кәмелетке толған азамат аутизммен күресуде. Қазір елімізде 10-шы қайта қарау деп аталатын аурулардың халықаралық түсінігі бар, бірақ оған сәбилер мен балалар аутизмі кіреді. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова эфир барысында ведомство Еңбек министрлігімен бірлесіп аталған дертті (ересектер арасындағы аутизм) тізімге енгізу жағын қарастырып жатқанын айтты. 

«Мен сіздермен келісемін, біз санаттағы пациенттерге арналған стандарттарды қайта қарап, мұқият зерттеуіміз керек. Біз қазір бұл мәселені зерттеп жатырмыз, дерттің арту динамикасы өте алаңдатады. Балалар мен ересектер бойынша да тиісті алгоритм қайта қаралады», - деді министр. 

Өз кезегінде танымал блогер Әлия Әбдібайытова өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, 19 жасар ұлы аутизммен ауыратынын айтты. Жас жігіт кәдімгі мектепті бітірген, жүзу және жеңіл атлетика бойынша көптеген марапаттың иегері. Ол аспаз болуды армандайды. Алайда, бұл жолда көпжылдық жұмыс атқарылған және мінез-құлық бойынша түрлі мамандарға барған. 

«Өкінішке қарай, бүгінгі күні аутизмге шалдыққан ересектер үшін интернаттарды қоспағанда ештеңе жоқ. 18 жасқа дейін баланы апаратын орталықтар көп, ал кәмелетке толғаннан кейінгі өмірлері қарастырылмаған. Тек Астанада бір орталық бар», - дейді Әлия. 

Сонымен қатар кәмелетке толғаннан кейін ерекше балалардың ата-анасына жәрдемақы төлеу тоқтатылады. Бірақ, ата-ана баласының дертімен күресуді жалғастырады. Сондықтан ата-аналардың көбісі баласына басқа диагноз қоюға келіседі, мысалы шизофрения немесе ақыл-ой кемістігі және тағы басқа. Дегенмен бұл әрекетті де жағдайдан шығудың жолы деп айту қиын, өйткені мұндай диагнозбен жұмыс табу мүмкін емес. 

Астаналық кәсіпкер Максим Семин аутизммен ауыратын адамдарды ең жауапты әрі сауатты қызметкерлер деп санайды. Кәсіпкер 3 ай бойы аутизм спектрі бұзылған 19 жастағы Абдулламен жұмыс істейді. Айтуынша, жас жігіт майлықтарды бүктейді, үстелдерді сүртіп, тіпті гамбургер әзірлейді. 

«Оның әрекеттері сызғыштай қисынды. Қазір ол аптасына үш рет жарты күн жұмыс істейді, біз оған айына 80 мың теңге төлейміз. Оның жұмыс істеуі анасының бастамасы. Мамасы ұлына пицца пісіретін мастер курсын оқытып, сертификат алған», - дейді Максим Семин. 

Канаданың жетекші университетінде аутист және нейротиптік адамдар құбылысын зерттейтін отандасымыз Нариман Амантаев «Аутизм» — бұл мүлдем бөлек диагноз және ол дерттің интеллект деңгейі, критерийі болған емес», - дейді. 

Сонымен қатар, аутистер көптеген нейротиптік адамдарға қарағанда ақылды болуы мүмкін. Аутизмді емдеудің тиімді әдісі әлі жоқ. Ғалымдар аутист балалардың туылу себептерін нақты анықтай алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар