Елімізде геологтер қанша жалақы алады

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде тәжірибелі геологтер 1 млн теңгеден жоғары жалақы алады. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров айтты.

геолог
Фото: freepik.com

— Бір уақыттарда елімізде геологтер қатты тапшы болды. Қазірдің өзінде кадр тапшылығы байқалады. Әсіресе барлау жұмыстары жанданған шығыс өңірінде маман жетіспеушілігі мәселесі бар. Жалпы қазір жерасты кендерін барлау жұмыстары жанданып жатыр, — деді ол ОКҚ алаңында.

Оның айтуынша, елімізде нақты қанша геолог маман жетіспейтіні жайлы арнайы статистика жүргізілмейді. Алайда, былтырғы бір зерттеуде көрсетілгендей, Қазақстанда жыл сайын 2000 геологтің қажеттілігі бар. 

— Бұл саладағы мамандардың көбі — аға буын өкілдері. Олар көбінде жетекші екі-үш компанияда қызмет етеді. Геология жоғары жалақы төленетін салалар қатарына жатады. Атап айтқанда, оқуды жаңа бітірген жас маман 300 мың теңгеден кем жалақы алмайды. Ал, тәжірибелі геологтер 1 000 000 теңгеден жоғары айлық алады, — деді Ерлан Акбаров.

Айта кетейік, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде қандай пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлау жүргізу қажеттігін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар